Қазақстан сыбайлас жемқорлық жайлаған елдердің тізімінде тұр

Сымбат Сатыбалдина

Transparency International ұйымының 2024 жылғы Сыбайлас жемқорлық индексіне сәйкес, Қазақстан 180 елдің ішінде 88 орында. Қазақстан есептеу индексінде 100-ден 40 ұпай алған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда бір ұпайға ғана жоғары, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстан әлі де жемқорлық деңгейі жоғары елдер санатында қалып отыр.

ЕЛДЕГІ ПРОБЛЕМАЛЫ САЛАЛАР

Ең проблемалы салалар мыналар: сот жүйесі, атқарушы билік және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану. 

ҰЙЫМНЫҢ ҰСЫНЫСЫ

Transparency International ұйымының Қазақстанға ұсынымдары: 

  • Бюджет қаражатының жұмсалуын қадағалауды күшейту (цифрлық технологияларды қолдану арқылы);
  • Демократиялық реформалар жүргізу;
  • Сөз бостандығын, журналистер мен сыбайлас жемқорлықты зерттеушілердің құқығын қорғау;
  • Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаны қатаңдату;
  • Заңсыз алынған активтерді қайтару процесін ашық өткізу.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ: ҚАЗАҚСТАН РЕЙТИНГІ

Қазақстан сыбайлас жемқорлық бойынша Түрікменстан (165-орын), Тәжікстан (164), Қырғызстан (146) және Өзбекстаннан (121) жоғары тұр.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ НӘТИЖЕСІ

40 ұпай – ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.