Ақтау қаласына қарасты Қызылтөбе-2 ауылында тегін донер таласқандар жаппай төбелесе жаздады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Ақтау қаласында болған жайттың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан жиналған халықты полицейлер тыныштыққа шақырып жатқанын көруге болады.
ХАЛЫҚ НЕ ДЕЙДІ
Желі қолданушылары бұл видеоға қатысты түрлі пікір білдірген.
- Балаларды тегін затқа үйретпеу керек.
- Аштық басталып кетті ма не?
- Құдай сақтасын, аш отырған жоқсыңдар ғой, Аллаға шүкіршілік жасау керек, мынау не дым көрмегендей? Ұят нәрсе.
- Барлық нәрсе қымбат, балаларды толықтай қамтамасыз ете алмайды. Үйдегі тәрбиеден барлығы. Егер тойып барлық нәрсені ішіп,жеп жүрген бала бұлай бармайды, дейді желі қолданушылары.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ
Бұл шараны ұйымдастырушылар кешірім сұрады.
- Адам өте көп болды. Донерді тарата алмадық. Оның есесіне донерді көшеде кездескен адамдардың бәріне тараттық. Адамдар жиналған жерге тарата алмадық. Сонымен қатар, Қызылтөбенің полиция қызметкерлеріне алғыс білдіреміз. Тәртіпті қадағалап отырды. Кешірім сұраймыз. Түсіністікпен қарасаңыздар, дейді ұйымдастырушылар.