Желі қолданушысы мемлекеттік сатып алулар мен бюджет қаражатының тиімділігіне қатысты күмәнін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
2 264 399 999.97 ТЕҢГЕ ҚАЙДА?
Желі қолданушысы Әсел Темірова Макен Алматы қаласының әкімдігінің келісім-шарттарының бірі қолына түскенін жазды.
"Достар, мен бюджет қаражаты мен мемлекеттік сатып алуларға байланысты болып жатқан жағдайға таңғалып отырмын. Ақпарат берушіден (whistleblower) құпия түрде бір келісімшарт алдым. Бұл құжатты маған Алматы әкімдігі қызметкерлерінің бірі жіберді. Ол болып жатқан жағдайға бейжай қарай алмайды", – деп жазады белсенді.
Ол Алматы қаласының әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасы 2 264 399 999.97 теңгені қайда, қандай мақсатта жұмсағанын білгісі келеді.
"Қандай нақты оқу бағдарламалары өткізілді және өткізілмек? Құрметті Райымбек Баталов, бұл қаржы халыққа тиесілі болғандықтан, оның қалай пайдаланылғанын ашық түсіндіруіңізді сұраймын. Қандай кәсіпкерлер бұл оқытудан өтті? Курстарды кім ұйымдастырды? Неліктен автоматизация және басқару бойынша кеңес беру қызметтері соншалықты қымбат?" – деп сұрады белсенді.
Сонымен қатар, ол Кәсіпкерлер палатасына егер оқыту бағдарламаларын қаржыландыруда қиындықтар болса, тегін білім беру курстарын табуға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.
Қазіргі уақытта әкімдік пен Кәсіпкерлер палатасынан бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.
БҰҒАН ДЕЙІН
«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Райымбек Баталов қосымша құн салығының 20 пайызға көтерілуіне қарсы шыққан еді.