Вячеслав Ким Jusan банкті сатып алуға өтініш берді

Сырым Қаржас

Kaspi.kz акционері әрі директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Jusan Bank акцияларының 97,5% -. сатып алуға өтінім беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

КАСПИЙ БАНККЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ

Мен Jusan Bank акцияларының 97,5% сатып алуға өтініш бердім. Қазір бұл өтінім қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қарауында. Реттеуші өтінімді егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін шешім қабылдайды.

Мен бұл мәміленің Kaspi.kz компаниясына қатысы жоқ екенін атап өтемін - деді Ким.

БАНК ТАРИХЫ

Заң бойынша жасасу үшін мұндай келісімді әуелі алу міндетті, кейін 50 жұмыс күнге дейін өтінім қаралады. Мәміленің егжей-тегжейі ашылмаған.

Бастапқыда Jusan Bank (бұрынғы Цеснабанк) бұрынғы қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековпен байланысты Цесна тобына тиесілі болды. 

2019 жылы оны Halyk Bank сатып алды. Ол көп ұзамай оны Назарбаев Университетінің білім беру қорымен байланысты First Heartland Securities тобына қайта сатты. Қазір банк FHS бақылауында.