Түсініксіз жайт: Каспий теңізінің жағалауы қызыл түске боялып кетті

Сымбат Сатыбалдина

Каспий теңізінің жағалауына қызыл түске боялып кетті. Осыған байланысты Маңғыстау облысының экология департаменті теңіз суының құрамын тексереді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жергілікті тұрғындар Каспий теңізінің 1А ықшамауданы маңындағы жағалауы қызыл түске боялып кеткенін байқаған. 

ЭКОЛОГТАР НЕ ДЕЙДІ

Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің мамандары әлеуметтік желіде таралған жыл сайын болатын Каспий теңізінің қызыл түске боялу құбылысына байланысты 12 ақпанда теңіз суынан сынама алған. 

- Оның аясында теңіз суының құрамына химиялық және мұнай өнімдерінің бар немесе жоқ екендігіне талдау жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады, делінген хабарламада. 

КАСПИЙ ТАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Каспий теңізінің тартылуы кейінгі жылдары Қазақстанның транзиттік әлеуетіне сын-қатер төндіре бастаған. Сенатор Сүйіндік Алдашев үкімет осы мәселеге назар аударуы керек деп есептейді. 

МӘСЕЛЕ НЕДЕ

Сенатордың сөзіне, Ақтау порты акваториясында теңіз түбін тереңдету жобасы Теңіз инфрақұрылымын дамытудың 2024-2028 ж. арналған кешенді жоспарына енгізілген. Құны 42 млрд теңгені құрайтын жобалық сметалық құжаттама жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Алайда құны 20 млрд теңге құрайтын 2025 жылы басталуы тиіс жобаға қаражат көзі қаралмағаны анықталып отыр. Бұл өз кезегінде  жобаның уақытында іске аспай қалуына әсерін тигізеді.