Бұл туралы 13 ақпанда қала прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиға қиын Тараздағы қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау мекемесінде болған. Сұмдық жағдай тәрбиеленушінің өз бетінше кетіп қалуынан кейін жүргізілген тексеріс барысында анықталды. Белгілі болғандай, оған дейін ол орталық қызметкерінің тарапынан соққыға жығылған. Тергеу органдары зорлық-зомбылық фактісін дәлелдейтін бейнежазбаларды тәркілеп алды.
Күдіктіге ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлігі – «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау, оған қатыгездікпен қарау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заң бұзушы жұмыстан босатылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесін бақылауда ұстайтынын және осындай мекемелердегі балалардың жағдайын тексеретінін мәлімдеді.