Астанада 25 жастағы жігіт үстіне металл қақпа құлап, мерт болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлардан жігіт алдымен темірге өзі тартылып, артынша конструкция оны көтере алмай, құлап түскенін байқауға болады.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Футбол алаңындағы 25 жастағы жігіттің өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
- Алдын ала мәліметтер бойынша, жазатайым оқиға болды – ойын кезінде ол қақпаның жанында болды, қолымен тартылып тұрған, салдарынан конструкция аударылып, жігітті басып қалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу іс-шаралары жүрнгізіліп жатыр, дейді полицейлер.
Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша, оқиға “Достық Арена” спорт алаңында болған.