Қостанай облысы, Қарабалық ауданының Қайырақ ауылына жақын жерде құтқарушылар Тәжікстаннан Ресейге бара жатқан жолаушылар автобусына көмек көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Автобуста 70 жолаушы болған, оның ішінде 4 бала бар Техникалық ақау салдарынан аязда дизель отыны қатып, көлік құралы тоқтап қалған. Оқиға орнына жергілікті атқарушы органның өкілдерімен бірге құтқарушылар дереу жетті. Жылыту құралының көмегімен жанармайды сұйылтып, аккумуляторды қуаттандырды. Автобус ары қарай жүріп кетті.
Жолаушылардың ешқайсына медициналық көмек көрсетілген жоқ.
Құтқарушылар ел тұрғындарына төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ескертеді.