Рұқсатсыз пәтер сатқан: Астанада 62 құрылыс компаниясы жазаланды

Сымбат Сатыбалдина

Астанада 62 құрылыс компаниясы әкімшілік жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

life.ru

Елорда прокуратурасы тұрақты негізде құрылыс салушылардың «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заң талаптарының сақталуы бағытында жұмыстарды жүргізуде. 

Ерекше назар салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді заңсыз сатуды анықтауға және жолын кесуге аударылуда.

2024 жылы 62 құрылыс компаниясы әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оның 15-і қайталап жасағандар. 

ЖАЗА

Жыл басынан бастап осындай бұзушылықтар үшін 6 құрылыс салушы жазаланды.

Ондай бұзушылардың бірі «Asyl-nur Qyrylys» ЖШС (бұдан әрі - құрылыс салушы) болып табылады, ол тиісті рұқсатсыз салынып жатқан тұрғын үй кешенінде пәтерлерді сату жарнамасын таратқан.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде құрылыс салушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 2024 жылғы 2 мамырда сотпен айыппұл салынды (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 320-бабының 1-бөлігі).

АЙЫППҰЛ

Оған қарамастан компания пәтерлерді сату туралы жарнама орналастыру арқылы азаматтардың қаражатын заңсыз тартуды жалғастырған, ол үшін 2024 жылдың 13 қарашасында қайталап әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар прокуратураның бастамасымен сот азаматтық талап қою шеңберінде осы ұйымның жарнамасын орналастыруға тыйым салды (шешім заңды күшіне енді).

Осыған ұқсас талап қоюлар тағы 5 құрылыс компаниясына қатысты берілді.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды салынып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмас бұрын үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаттың бар-жоғын тексеруге шақырады.