Астанада ақын, "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты Ақберен Елгезектің кітабының желісі бойынша түсірілген "Болмаған балалық шақ" фильмінің жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“БОЛМАҒАН БАЛАЛЫҚ ШАҚ”
“Болмаған балалық шақ” Ақберен Елгезектің өзінің бала кезін суреттеген шығармасы.
Бұған дейін кітабы оқырман арасында кең таралып қазақша бестсселер аталған.
ФИЛЬМ ТУРАЛЫ
Бүгін Астанада сол бестселлердің желісі бойынша түсірілген көркем фильмнің жабық көрсетілімі өтті.
Фильмнің режиссері Айдын Сахаман. Ол бұған дейін “Дос-Мұқасан” фильмі арқылы көрерменге жақсы танылған.
“Адамның өзінде болмаса бұндай кино шықпайды. Автобиографиясы жоқ адамнан ақын да, жазушы да шықпайды.Сондықтан “Болмаған балалық шақты” керемет туынды деп айта аламын”,- дейді жазушы Роза Мұқанова.
Жабық көрсетілімге парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, ақындар мен жазушылар қатысты.
АҚБЕРЕН ЕЛГЕЗЕК
Ақберен Елгезек 1980 жылы 24 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Семей облысы Шұбартау ауданы Мәдениет ауылында Е.Рахмадиев атындағы орта мектепті бітірген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тарих факультетінің түлегі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстан «Серпер» жастар сыйлығының, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың және Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының иегері. «Қазақ әдебиетін қолдау» қоғамдық қорының жетекшісі. «Кентавр» ұлттық әдеби апталығының негізін қалаушы. «Көлеңкелер күбірі» атты жыр жинағының, "Болмаған балалық шақ" повесінің авторы. Иван Бунин, Дмитрий Мережковский, Варлам Шаламов, Владимир Высоцкий, Гийом Аполлинер шығармаларын аударған.