Шымкентте қыз алып қашқандардың видеосы тарады

Ілияс Бақыт

Бейресми ақпараттарға сәйкес қыз алып қашқандар артынша дереу ұсталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеодан скриншот

Бұл оқиғаның видеосын мәжіліс депутат Дәулет Мұқаев өз парақшасында жариялады. Бейнежазбадан бір топ ер адамның қызды күштеп жүк салғышқа салып жатқанын көруге болады.

“Шымкентте қыз алып қашу азайды, тоқтады деуші еді. Енді екі кеш арасында, қала ортасында ер адамды көліктің артына баса салып ұрлау деген не сұмдық?! Келмеске кетті деп жүрген 90-жылдар қайта келгені ме? Мұндайларды заңның ең қатал талабымен жазалау керек,”- деп жазды Дәулет Мұқаев.

БҰҒАН ДЕЙІН

Былтыр қаңтар айының ортасында Маңғыстау облысының 22 жастағы тұрғыны Шымкентке арнайы келіп, қызды қалыңдық ету мақсатында ұрлап кеткен еді.

 

Адам ұрлау дерегіне қолданыстағы қылмыстық заңнаманың нормаларына сәйкес, мүлкін тәркілеумен немесе онсыз жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауаптылық көзделген.