Тоқаев қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Сымбат Сатыбалдина
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОТЫРЫС

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.

Жиында армияны жаңғырту және әскери инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралды.

Тоқаев қарулы күштерді одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.