Маңғыстауда 200-ге жуық адам қар құрсауында қалды

Сымбат Сатыбалдина

Маңғыстау облысында 200 адам қар құрсауында қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ

ТЖМ

ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 200-ге жуық адамды құтқарды. 

Бүгін Маңғыстау облысында Ақтау қаласы мен әуежай арасындағы облыстық маңызы бар автожолда ауа-райының нашарлауына байланысты қар құрсауында бірнеше автокөлік тұрып қалды. 

ТЖМ құтқарушылары 198 адам мінген 71 көлікті сүйреп шығарды. Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

АУА РАЙЫ

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтқан болатын. 

27 ақпанда шығыста, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 28 ақпанда оңтүстік-батыста, 1 наурызда солтүстік-батыста қатты қар жауады.

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады, 27 ақпанда түнде республиканың оңтүстік-шығысында секундына 30 метр және одан да көп қатты жел соғуы мүмкін. 

Түнгі уақытта ауа температурасы солтүстік-батыста, шығыста, елдің орталығында 12-28 аязға дейін, солтүстікте 15-25 аязға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 1-10 аязға дейін, батыста ауа температурасының негізгі фоны 5-20 аязға дейін төмендейді деп күтілуде.