Бұл туралы "Қазавтожолдың" баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
2025 жылғы 7 наурыз сағат 18:00-де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожол учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды:
Абай облысы: - «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 615-768 шақырым аралығы (Жетісу облысының шекарасы – Аягөз қ.);
«Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы» автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен а. – Үржар а.). Жетісу облысы: –
«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 615-768 шақырым аралығы (Үшарал қ. – Абай облысының шекарасы).
Жолды 2025 жылғы 8 наурыз сағат 07:00-де ашу жоспарланған.