«Ол ризашылықты білмейді»: Трамп Зеленскийді тағы да сөкті

Сырым Қаржас

АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатта Украина тарапнан не күтетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Brian Snyder/Reuters

ТОЛЫҒЫРАҚ

Журналистің сұрақтарына жауап бере отырып ол АҚШ қанша қолдау-көмек көрсетіп жатса да Зеленскийдің бір ауыз ризашылық білдірмеуі өкінішті деді.

Джо Байден кезінде Зеленский баланың қолынан кәмпитін алып қойған сияқты АҚШ-тан ақша алды. Ол үшін Зеленский ризашылық білдірмейді.

Мен Владимир Зеленскийдің Вашингтонға оралуын және Украинаның сирек кездесетін металдары туралы келісімге қол қоюын күтемін, - деді Трамп.

Сұхбат барысында Ақ үй басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен жақсы қарым-қатынаста екенін, бірінші президенттік мерзімнен бастап Ресейге қатысты қатаң ұстаным ұстанатынын атап өтті.