Әлеуметтік желіде парақшасында Abdulakhad Smanov есімді азамат яғни сынға қалған имамның туысы жауап жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ӨЗ НЕМЕРЕЛЕРІ ЕКЕН
Оның сөзінше имамның аяғын уқалаған өзге емес, өз немерелері екен.
“Әлеуметтік желіде бір видео кеңінен тарап жатыр екен! Сондағы айтып жатқаны "жас балаларға аяғын ұқалатып қойып, өзі жәннатта жүргендей" деген сөздері екен! Осы мәселені тарқата кетсем: Бұл жерде атамыздың аяғын ұқалап жатқан балалар - атамыздың өзінің немерелері! Ешқашан атамыз өзге адамдарға аяғын ұқалатқан емес! Тек өз балаларына және немерелеріне тәрбиелік тұрғыда аяғын ұқалауына рұқсат еткен! Тәрбиелік тұрғы дейтінім, біз қазақ әрқашан үлкеннің қолына су құйып, атаның қызметін жасап, батасын алуға талпынған халықпыз!”,- дейді иаманың туысы.
Желі оқырмандарының арасында оны жақтағандар да, даттағандар да бар.
“Алла үшін тұрып берген аяққа не істеседе жарасады ғой,біреулер сайқалдардыңда аяғын уқалап құл болып жүр,мен ойлаймын Ұстаздың аяғы тек Құдай үшін ғана қимылдайтын аяқ деп!,- дейді Нұралы Бақытұлы есімді желі қолданушысы.
Өз немересі болса да мына көріністі қабылдамай алғандар да табылды.
“Осындай қылықтары арқылы сақалдары сапсиып,өздерін-өздері қоғамаға жекөрінішті етіп көрсетіп отыр..Сосын түріне қарасаң аяғы қақсап әкетіп бара жатқан адамға еш ұқсамайды!,”- дейді журналист Олжас Керейхан.
БҰҒАН ДЕЙІН
Түркістан облысындағы Сарыағаш медресесінің бас ұстазы Әбдужаппар Смановтың әрекеті жұрттың ашуына тиген еді.
Журналист Ораз Әлімбек Facebook-парақшасында медресенің бас ұстазының ерсі қылығы туралы жазған.
- Мынау Сатыбалды Әбішұлы атындағы Сарыағаш медресесінің шәкірттері. Оларға медресенің бас ұстазы Әбдужаппар Сманов бұтын уақалатып қойыпты. Сонда оқу-ағарту министрлігі медресе шәкірттеріне Смановтың бұтын уқаласын деп бюджеттен жүздеген миллиондап ақша бөле ме?! Мынау Смановқа тоқтау болмаса, ертең табанын жалатып, бас бармағын сордырады ғой ақыл тоқтатпаған балаларға, дейді ол.
Журналист медреселердегі былықтар туралы бірнеше рет жазғанын айтады.