Украина президенті Владимир Зеленский УҚК операциясы Курск облысының белгілі бір аудандарында жүргізіліп жатқанын мәлім етті. Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бөлімшелер өз міндеттерін тиянақты орындап жатыр. Курск облысындағы украин күштерінің арқасында басқа бағыттағы Ресей әскерінің едәуір бөлігі осылай жұмылдырылды. Біздің әскер Курск облысында ресейлік және Солтүстік кореялық топтарға қарсы соғысып жатыр. Біздің жауынгерлер қоршауда қалған жоқ, - деді Зеленский.
Ресейдің Қорғаныс министрлігі кейінгі күндері Курск облысындағы орыс әскерінің жетістіктері туралы, атап айтқанда Суджиді азат еткені жөнінде есеп берді. Ресей президенті Владимир Путин УҚК бөлімшелерін Ресей әскері қоршап алды деп мәлімдеді және украин жауангерлерін берілуге шақырды.
Кеше, 14 наурызда УҚК бас штабы Курск облысындағы өз күштерінің қоршауда қалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.