Қазақстандықтар қымбат теміржол билеттерін екі есе арзанға сатып алудың жолын тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жолаушыларға пайдалы ақпаратты әлеуметтік желі қолданушыларының бірі бөлісті. Оның айтуынша, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының билеттері қымбаттағалы жолаушылар діттеген жерге жетудің түрлі тәсілдерін қолдануға көшкен.
Бір танысым әкесіне Қарағанды-Мәскеу бағытына билет алмақ болды. ҚТЖ көрсеткен билеттің құны – 183 423 теңге. Бірақ ол пойыздың жүретін бағытын қарап, ұлттық тасымалдаушының “жоғары баға” белгілейтінін түсінген. Сөйтіп, басқа амалға көшкен. Дәл сол пойызға, дәл сол вагонға және дәл сол орынға екі билет алған. Алдымен 8332 теңгеге Астана-Петропавл бағытына билет алған. Содан кейін 78 298 теңгеге Петропавл-Мәскеу бағытына алған. Нәтижесінде 96 000 теңге үнемдеді, – деп жазды желі қолданушысы.
Түсіндіре кетейік, Петропавлдан Мәскеуге дейін қатынайтын пойыз билеттері “Ресей темір жолы” ААҚ белгілеген бағамен сатылады. Ал Қарағандыдан тікелей Мәскеуге жүретін пойыз билеттерінің бағасын “ҚТЖ” ұлттық компаниясы белгілейді.