Бүгін, 16 наурызда Қостанай облысындағы республикалық маңызы бар Мариновка ауылына кіреберіс жолға қарғын су жайылды, деп хабарлайды Ulysmedia.
ТОЛЫҒЫРАҚ
«Қазавтожол» ұлттық компаниясының хабарлауынша, су басқан учаскенің жалпы ұзындығы шамамен 40 метр болады, ал тереңдігі – 10 см.
Бұл учаске Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап аумақтағы Желқуар өзенінің (құрғақ арна) бойында орналасқан. Бұл учаскеде су тасқыны жыл сайын болып тұрады.
Аталған учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, ескерту белгілері қойылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2 арнайы техника және 3 маман жұмылдырылды. Әзірге жолмен көліктер жүірп жатыр, шектеу жоқ.
Айта кетейік, бұл жер бейтарап аумақта орналасқандықтан Ресеймен бірлесіп көпір салу жөнінде келіссөздер жүргізілген.