«Ресейдің пікірін ескермейміз»: Макрон Еуроодақ әскерін Украинаға кіргізу туралы айтты

Сырым Қаржас

Еуропалық одақ елдері Украинаға әскер жіберу мәселесінде Мәскеудің пікірін ескермейтінін мәлім етті. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен болған кездесуде Франция президенті Эммануэль Макрон айтты, деп хабарлайды Ulysmedia DW-ға сілтеме жасап.

KIRAN RIDLEY/AFP

ТОЛЫҒЫРАҚ

Макронның айтуынша, Еуроодақ елдері Украинаға әскер жіберу бастамасын қолдайды. Ондағы мақсат – украиналық сарбаздарға әскери іс-қимылдардың әдіс-тәсілдерін үйрету, оқыту және ұзақ мерзімді қолдау көрсету.

Еуропа елдерінің көшбасшылары бұл мәселеге келгенде Мәскеудің пікірін есепке алмайды.

Украина – тәуелсіз ел. Егер ол өз аумағында одақтас әскерлердің көмегіне сүйенсек, оны қабылдау немесе қабылдамау Ресейдің жұмысы емес, - деді Макрон.

Сонымен қатар Франция президенті қауіпсіздік мақсатында Украина аумағына еуропалық әскерді кіргізуге Кремльдің қарсы болуы Еуроодақ елдеріне Ресей тарапынан қауіптің бар екенін анық білдіреді деді.