Тапанша мен 5 мың SIM-карт: Жетісуда интернет-алаяқ ұсталды

Сырым Қаржас

Жетісу облысында интернет-алаяқтық әрекетін жүзеге асыру үшін SIM-box құрылғысын пайдаланған адамдар ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.

ІІМ

ТОЛЫҒЫРАҚ

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктілерді анықтау және ұстау операциясын полиция мен ҰҚК қызметкерлері бірлесіп жүргізген.

Тінту барысында 96 слоты бар жеті SIM-box құрылғысы, қазақстандық ұялы операторлардың 50 мыңнан астам sim-картасы, жеті ұялы телефон, екі ноутбук, сондай-ақ қаңтар айындағы оқиғалар барысында ұрланған ИЖ-53 маркалы екі пневматикалық тапанша және төрт әскери каска тәркіленді, - деп хабарлады ішкі істер органдары.

Айта кетейік, биыл жыл басынан бері киберқылмысқа қарсы бөлімшелердің қызметкерлері алаяқтық мақсатында пайдаланылған 64 SIM-box құрылғысын, отандық ұялы байланыс операторларының 90 мыңға жуық sim-картасын тәркілеген.

Бұған дейін біз Астанада алаяқтардың ордасына айналған call-орталықтың таратылғаны туралы жазғаныз.