Салық органдары көлігі бар азаматтарға салық төленуі керектігін ескертіп, хабарлама жіберіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МЕРЗІМ ЖАЙЛЫ
2024 жылға жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылғы 1 сәуірде аяқталады. 2024 жылға салықты есептеу кезінде 2024 жылы қолданылған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 692 теңге мөлшерінде қолданылады. 1 сәуірге дейін жеті жұмыс күні ғана бар. Соны есепке алған жөн.
КӨЛІК САЛЫҒЫ ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ
Салық автомобильдің қозғалтқыш көлемі мен АЕК негізінде есептеледі. Қозғалтқыш көлемі неғұрлым үлкен болса, салық та соғұрлым жоғары болады. Қозғалтқыш көлемі 1 500 см³-ден асатын автомобильдер үшін базалық мөлшерлемеге әрбір қосымша текше сантиметр үшін 7 теңгеден қосылады.
САЛЫҚ ТӨЛЕМЕГЕНДЕРГЕ ҚАНДАЙ ШАРА ҚОЛДАНЫЛАДЫ
Көлік салығын төлемеген жағдайда мынадай шаралар қолданылады:
Көлік құралдары салығының сомасын kgd.gov.kz веб-порталындағы калькулятор арқылы және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында өздігіңнен есептеуге болады.
КӨЛІКТІ САТҚАН ЖАҒДАЙДА...
Көлікті сенімхат арқылы сату кезінде салықты кім төлейді: меншік иесі ме, әлде сенім білдірілген тұлға ма? Салық көлік құралын сенімхат бойынша басқа тұлға пайдаланса да, көлік құралының иесіне есептеледі. Заңға сәйкес, көлік құралдары салығын төлеушілердің қатарына салық салу объектілеріне меншік құқығы бар жеке тұлғалар кіреді.
САЛЫҚТАН КІМДЕР БОСАТЫЛҒАН
САЛЫҚТАН КІМДЕР БОСАТЫЛАДЫ
Мұндай санаттағы азаматтар өз аттарына тіркелген бір көлік құралы үшін салық төлемейді. Егер көлігі бірнешеу болса, қалғандары үшін салық төлеу міндетті.