Биыл көктем келмейді: қай өңірлерде жол жабық

Ілияс Бақыт

"Қазавтожол" қай өңірлерде жол жабылғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz\ЖИ

ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛҒАН

2025 жылғы 18 наурыз сағат 18:00 жағдай бойынша 2 облыстағы 2 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Ақтөбе облысы: “Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз” автожолының 3-92 шақырым аралығында (Қандыағаш қаласынан Ембі қаласына дейін)

Қостанай облысы: Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы)

НЕ ІСТЕЛІП ЖАТЫР

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 724 арнайы техника мен 2163 маман жұмылдырылған.