Астанада әкімдікке қарасты компанияның басшысы 10 жылға сотталды

Сымбат Сатыбалдина

Астана қаласы әкімдігіне ведомстволық бағынысты «Елорда Құрылыс Компаниясы» ЖШС бөлімінің басшысы сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

СОТ

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен «Елорда Құрылыс Компаниясы» ЖШС бөлім басшысы Б.Қ. Базарбекке қатысты үкім шығарды.

АЙЫП

Ол Астана қаласында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС басшылығы үшін мердігерлік ұйым директорының 103 млн теңге сомасында алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

ҮКІМ

Базарбек 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.