Жұмысы ұнамай ма? Нұржігітов Қарашөкеевті сынаған постқа неге лайк басқанын түсіндірді

Сырым Қаржас

Су ресурстары және ирригациялар министрі Нұржан Нұржігітовке Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевті сынаған постқа неге лайк басқаны жөнінде сұрақ қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

НҰРЖІГІТОВ НЕ ДЕЙДІ

Менің лайк басқаным есімде жоқ. Әлеуметтік желіде қарап отырасың ғой, сол кезде басылып кеткен шығар. Әйтпесе ондай ешқандай теріс көзқарасым жоқ, – дейді Нұржан Нұржігітов.

Нұржан Нұржігітовтің өзі министр қызметіне келмес бұрын Жамбыл облысын басқарған. Оның орнына ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған Ербол Қарашөкеев әкім болып барған еді.