АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі 530 мың мигранттың уақытша заңды мәртебесінің жойылғанын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Заңды мәртебесінен айырылған мигранттар – Куба, Гаити, Никарагуа және Венесуэла елдерінің өкілдері. Бұл туралы кеше, 21 наурызда жарияланған Федералды тізілім хабарламасында айтылған.
Құжатқа сәйкес, 24 сәуірде екі жылға уақытша тұруға рұқсат беру бағдарламасын мерзімінен бұрын тоқтататын шешім күшіне енеді. Бұл бағдарлама мигранттарға егер америкалықтар арасында демеушілері болса, АҚШ-қа ұшып баруға мүмкіндік береді.
ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ
Трамп екінші рет Ақ үйге оралғаннан кейін иммиграциялық саясатты күшейтіп, рекордтық деңгейде депортациялауға күш салған. Ол өзіне дейінгі президенттің бастаған бағдарламасы федералдық заңнамаға қайшы келеді деп санады және 20 қаңтардағы жарлығында олардың күшін жоюды талап етті.
Сонымен қатар Трамп 6 наурызда Ресеймен қақтығыс басталғаннан кейін АҚШ-қа келген 240 мың украиндыққа қатысты рұқсат беру бағдарламасын жою туралы шешім қабылдайтынын мәлімдеген.