Қар еріп, жол жабылды: қай өңірлерде

Ілияс Бақыт

Қазавтожолдың мәліметінше жолдардың жабылуына еріген қар суы себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz\ЖИ

ЖОЛ ЖАБЫҚ

2025 жылғы 26 наурыз сағат 18:00 жағдай бойынша еріген қар сулардың салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылдыған.

Ақтөбе облысы: «Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).

Қостанай облысы: Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы: «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Жолдарды күтіп-ұстауға 629 арнайы техника мен 1860 маман жұмылдырылған.