Ақтөбе облысында заңсыз көші-қон желісінің жолы кесілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе облысындағы заңсыз көші-қон желісін жергілікті тұрғын ұйымдастырған.
Тергеу барысында 120-дан астам шетел азаматының жалған жұмысқа орналасу және тұрғылықты жері бойынша тіркелу арқылы заңнаманы айналып өтіп, ел аумағында заңдастыруға мүмкіндік беретін жүйе әшкере болды.
2025 жылғы 20 наурызда Ақтөбе қалалық сотының шешімімен ұйымдастырушы Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бір жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды, - делінген хабарламада.
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұруға заңсыз алған рұқсатының күші жойылған.
ШЕТЕЛДІКТЕР
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігінде Қазақстанда қанша шетелдік азамат тұрақты негізде тұратындығы туралы айтылған.
28 наурызда Қазақстан билігі шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беруге қатысты тексеру іс-шараларын жүргізе бастағаны белгілі болды.