Баспананы жалға алудың бір бөлігін төлеп беру қарастырылады - Тоқаев

Ulysmedia

Президент қазіргі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған ең алдымен атқарылатын шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық құрылысы өзгермейтінін айтты. Оның пікірінше, унитарлық, заң үстемдігі, жеке меншік құқығын құрметтеу және нарықтық экономика мемлекеттік саясатымыздың басты қағидаттары болып қала береді.

Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар қосымша тапсырма берді:

1. Мұнай өнімдерінің (бензин, дизель, сұйытылған газ) бағасына мемлекеттік реттеуді 180 күнге  енгізу;

2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша мемлекеттік реттеуді енгізу. Шешімді нақты аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарай өңірлердің әкімдері қабылдайды;

3. «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» Заңды әзірлеуге кірісу;

4. Халық үшін 180 күнге коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізу қажеттігін қарастыру;

5. Халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтары үшін нарықтағы баспананы жалға алу құнын субсидиялау мәселесін қарастыру;

7. Денсаулық сақтау және балалар мәселелерін шешу үшін «Қазақстан халқына» деп аталатын қоғамдық қор құру, оны мемлекеттік және жеке көздер арқылы қаржыландыру.