Астананың полиция департаменті жеті жасар немересін зорлады деген күдікке ілінген ер адамның ісіне қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС
Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
- Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Астана қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, делінген ПД жауабында.
ОҚИҒА ТУРАЛЫ
Астанада атасы 7 жасар немересін зорлады деген күдікке ілінген болатын.
Бұл туралы “НеМолчи” қоры хабарлады. Қор мәліметінше, астаналық әйелдің қызын өз атасы зорлаған.
- Қыздың жасы небәрі 7-де. Зорлаған туған атасы. Ол істерін істеп, оқиға орнынан қашып кеткен, дейді адвокат Азамат Сағал.