Қазақстан халқы қартайып барады

Сымбат Сатыбалдина
ЖИ / ulysmedia.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметтерінше, Қазақстан халқы қартайып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАРТАЮ ИНДЕКСІ

Қазақстанда қартаю индексі бір жыл ішінде 1,6 пайыздық тармаққа артты.

2024 жылы Қазақстанда қартаю индексі 31,1 болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,6 пайыздық тармаққа жоғары (2023 жылы 29,5). Бұл дегеніміз 0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 31,1 қариядан келеді деген сөз.

ӨҢІРЛЕР

Өңірлер бөлінісінде бұл көрсеткіштің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген – 78,1, одан кейін Шығыс Қазақстан (76) және Қостанай облыстары (66,4).

Қартаю индексінің ең төменгі көрсеткіші Маңғыстау облысында, онда 100 балаға 65 жастан асқан 15,2 қарттан келеді. Сондай-ақ аталған көрсеткіштің төмен мәні Түркістан облысында (15,9) және Шымкент қаласында (16,1) тіркелген.

Айта кетейік, қалалық жерлерде қартаю индексі ауылдық жерлерге қарағанда жоғары – тиісінше 33,4 және 27,5.

ҚАРТАЮ ИНДЕКСІ ДЕГЕН НЕ

Қартаю индексі – 100 балаға шаққанда егде жастағы адамдар санын сипаттайтын халықтың жас құрамының көрсеткіші. Ол 65 жастан асқан халық санының 0-14 жас аралығындағы халық санына қатынасы ретінде есептеледі.