Бизнеске келтірілген шығын көлемі 93,7 млрд теңгені құрады

Ulysmedia

Осы жылдың 10 қаңтары сағат 09.00-дегі жағдай бойынша бизнеске келтірілген шығын көлемі жайлы кәсіпкерлер палатасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Байланыс орталығына 2774 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1406, форс-мажор – 39, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қодау қоры бойынша – 3, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1324. Елдің 9 өңірінде  1488 нысанда орналасқан 1 319 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында – 1399 объектіде орналасқан 1234 субъект. 

Зардап шеккен  бизнес салалары:

сауда – 1245; 
қоғамдық тамақтану – 25; 

қаржы секторы – 37; 
логистика – 9;

БАҚ – 2.

Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 93,7 млрд теңгеден асты (Алматыда 92,2 млрд теңге).