Сәкеннің ұлы үйленіп, Жанардың қызы ұзатылады - жұлдыздардың отбасындағы той

Ілияс Бақыт
Видеодан скриншот

Биыл өнер жұлдыздарының көбі қызын ұзатып, келін түсіргелі жатқан сыңайлы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КТК мәліметінше мысалы Мирас пен Құралай күні кеше қызын ұзатса, ендігі той актер Нұржан Төлендиев пен әнші Сәкен Майғазиевтің шаңырағында болатын сияқты. 

“Жанар әпкеміз айтып қалды ғой. Айжұлдыздың да үлкен тойында, Құдай қалса, бас қосуды нәсіп етсін. Ол кезде Нұржан Төлендиев ұлын үйлендіріп жатыр еді. Одан кейін біздің де үйден той ауылы алыс емес”- дейді Сәкен Майғазиев. 

Майғазиевтің ұлымен болашақ келінінің суреті әлеуметтік желіде жүр. Әдия есімді бойжеткен ТикТок арқылы өзін таныстырып, Сәкеннің ұлымен ара қатынасы туралы жазған. «Бір-бірімізді төрт жылдан бері танимыз» деген ару колледж тәмамдап, жоғары оқу орнына түсуге талпынып жүргенін мәлімдеген.

Әнші Жанар Айжанованың Айжұлдызы екі ай бұрын сүйінші жаңалығын бөліскенімен, анасы отбасындағы қуанышы жайлы журналистерге жар салып айтпайтынын жеткізді.