Бейбіт шерушілер мен террористердің мақсаты екі бөлек - Путин

Ulysmedia

Ресей президенті Владимир Путин ҰҚШҰ ұжымдық бітімгер күштерінің контингенті Қазақстанға шектеулі уақытқа жіберілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Бауырлас Қазақстан халқына көмек көрсету бойынша бірлескен қадамдар барынша жедел келісілді. Осы орайда ҰҚШҰ тетігі нақты іске қосылды. Қазақстанға ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгер күштерінің контингенті бағытталды. Олар мерзімі бойынша шектелген уақытқа жіберілді. Яғни ол қажетті мерзімді Қазақстан Президенті айқындайды», - деді Владимир Путин ҰҚШҰ отырысында.

Оның айтуынша, өз функциясын орындағаннан кейін, ҰҚШҰ-ның контингенті Қазақстан аумағынан міндетті түрде шығарылады.

“Қазақстанда газ бағасын түсірген адамдардың мақсаты бір бөлек, ал қару алып, оқ атқан адамдардың мақсаты бір бөлек болғаны айқын. Бұл - Қазақстанға жасалған шабуыл!” – деді Путин.