2025 жылдың сәуірінде Қазақстандағы екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы біршама төмендеді. Жылжымайтын мүлікке арналған портал деректеріне сүйенсек, ұсыныс бағасы наурыз айымен салыстырғанда 0,4%-ға азайып, бір шаршы метрдің орташа құны 389,7 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЕЛДІҢ ЖАРТЫСЫНДА БАСПАНА БАҒАСЫ АРЗАНДАДЫ
Сарапшылардың мәлімдеуінше, тұрғын үй бағасының төмендеуі 20 ірі қаланың 10-ында тіркелді. Ең көп арзандау байқалған қалалар:
Ақтау – минус 2,2%
Ақтөбе – минус 2%
Астана – минус 2%
Тараз – минус 1,8%
Алматы – минус 1,6%
Қалған қалаларда бағаның төмендеуі 1%-дан аспаған.
КЕЙ ҚАЛАЛАРДА КЕРІ ҮРДІС: БАҒА ӨСТІ
Сонымен қатар, тоғыз қалада керісінше бағаның өсуі байқалды. Ең көп қымбаттаған қалалар: Шымкент, Павлодар, Қарағанды, Талдықорған және Түркістан. Бұл қалаларда баға 1–1,3%-ға өскен.
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ БАСПАНА 3% ҚЫМБАТТАДЫ
2025 жылдың басынан бері Қазақстан бойынша екінші нарықтағы тұрғын үй орта есеппен 3%-ға қымбаттады. Барлық өңірде өсім оң динамиканы көрсетті. Көш бастаған қалалар:
Қостанай – +8%
Шымкент – +4,3%
Өскемен және Павлодар – +3,8%
Астана және Алматы – +1%
ЖЫЛДЫҚ САЛЫСТЫРУ: БАҒА 6% ӨСКЕН
2024 жылдың сәуірімен салыстырғанда, ел бойынша тұрғын үйдің орташа ұсыныс бағасы 6%-ға артқан. Ең жоғары өсім тіркелген қалалар:
Ақтау, Қостанай және Орал – +9,6%–10,5% Астана мен Алматы – тиісінше +7% және +4,7%.
Ең аз өсім Қарағанды мен Таразда – 2%-ға дейін.