АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі виза сұхбатына жазылғысы келіп жүрген азаматтарға ресми ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Дипломатиялық миссияның мәліметінше, 2025 жылғы 2 мамырдан бастап Астана және Алматыдағы консулдық бөлімдер виза үшін сұхбатқа жазылуды белгіленген күннен үш жұмыс күні бұрын сағат 17:00-де жабады.
Мысалы, 2 мамырдағы сұхбатқа кіру үшін DS-160 сауалнамасын 28 сәуір сағат 17:00-ге дейін толтырып, жіберу қажет. Бұл талап орындалмаған жағдайда сұхбат өтпейді, ал үміткерге жаңа күнді белгілеуге тура келеді.
Елшілік DS-160 формасын дұрыс толтыруға толыққанды жауапкершілік, тіпті визалық агенттің көмегіне жүгінген жағдайда да, сұхбатқа қатысушының өзінде екенін ескертті.
Хабарламада DS-160 формасы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жазылу күшін жойып, үміткерге рәсімдеуді қайта бастауға тура келетіні айтылған.