Астанада Абылай хан даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты 6 мамырға дейін жабылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылынын орташа жөндеу бойынша жұмыстардың басталғанын хабарлады.
Осыған байланысты 26 сәуір мен 6 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс жартылай жабылады.
– Бұл ретте Манас көшесіне қарай қозғалыс толығымен жабылады, бірақ Пушкин көшесіне қарай қозғалыс ашық болады. Жұмыстың бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін көлік қозғалысы өзгереді: Пушкин бағытындағы көлік қозғалысы жабылады, ал Манас бағытындағы көлік қозғалысы ашық болады, – делінген хабарламада.
Ведомство жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды ескертті.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.