Қазақстанда биыл соңғы қоңырау өтетін күн өзгереді

Сымбат Сатыбалдина
Ашық дереккөзден

Биыл соңғы қоңырау уақыты өтетін күн өзгерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚУ ЖЫЛЫН ҚАНША ОҚУШЫ АЯҚТАЙДЫ

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындылайды. Екі жүз он жеті мыңнан астам он бірінші сынып оқушысы мектеп бітіреді.

ОҚУ ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАТЫН КҮН

Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23-ші немесе 24-ші мамырда өткізіледі.

МЕРЕКЕЛІК КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Сондай-ақ, барлық оқушы үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейтінін тағы да еске саламыз.