Астанада 7 мамыр күні сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған ауқымды әскери шеру өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАЙДА ЖӘНЕ ҚАШАН ӨТЕДІ
Шеру өтетін жерде қауіпсіздік пен бақылау күшейтіледі. Астана әкімдігінің мәліметінше, шеруге соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, соғыс іс-қимылдарының ардагерлері, ҚР Қарулы Күштері үздік бөлімшелерінің, құрметті қарауыл ротасының, ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының және тағы басқа ардагерлері шақырылды.
Астана тұрғындары мен қонақтары үшін қаладағы үш орыннан тікелей трансляция ұйымдастырылады:
Шеру аяқталғаннан кейін сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін осы үш алаңда эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді.
Сонымен қатар, іс-шара республикалық телеарналардан тікелей эфир арқылы көрсетіледі.
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА
Қала тұрғындары мен қонақтары мына өзгерістерге назар аударуы қажет:
Еске салайық, бұған дейін Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамырда мерекелік отшашу өтетінін хабарлаған едік.