«Дикий Арман» 2 айға қамауға алынды

Ulysmedia

Арман Жұмагелдиев 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

 «Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады», - деп жазылған хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәлімет жария етілмейді. Айта кетейік, биыл 7 қаңтарда Алматыда арнайы операция кезінде Арман Жұмагелдиев ұсталған. Ол қалада қақтығыстар болып жатқан кезде ол әлеуметтік желіде видео жариялады. Онда ереуілшілерге басу айтпақ болғанын жеткізді. Ел арасында «Дикий Арман» лақап атымен танымал ол Түркияның Стамбул қаласында тұрып келген.