Астанадағы даңғылдың бір бөлігі жабылды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Астанада 3 мамыр мен 9 мамыр аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты Абылай хан даңғылының бір бөлігі уақытша жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Астана әкімдігінің мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары Манас көшесінен бастап Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі аралықта жүргізіледі.

– Абылай хан даңғылының Манас көшесінен Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты биылғы 3-9 мамыр аралығында бұл учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Көлік қозғалысы бір бағытта бір жақ бетімен кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Астанада екі автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілетінін хабарлаған едік.