Қазақстанда маникюр мен педикюр қызметтерінің бағасы күрт қымбаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МАНИКЮР
Сәуір айында маникюрдің орташа бағасы наурызбен салыстырғанда 4,4%-ға өскен. Бұл – кемінде 2011 жылдан бері тіркелген ең жоғары айлық өсім, деп атап өтті «ПКБ» сарапшылары.
ПЕДИКЮР
Педикюр қызметі бұдан да жоғары қарқынмен қымбаттауда – еліміз бойынша бір айда бірден 8,2%-ға артқан. Сарапшылардың айтуынша, педикюрге қатысты мәліметтер 2021 жылдан бері тіркеліп келеді және бұл – осы уақыттағы ең жоғары көрсеткіш.
РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШ
Екі қызмет түрі бойынша да ең үлкен баға өсімі Алматы қаласында тіркелді:
Маникюр – наурызға қарағанда +21,1%;
Педикюр – бір айда +42,9%.
ҚЫЗЫҚ ДЕРЕК
Сарапшылардың мәліметінше, маникюр мен педикюрге арналған құрал-жабдықтарды импорттау көлемі де төмендеуде.
2024 жылдың қорытындысы бойынша, импорт көлемі тоннамен де, доллармен де екі есеге жуық азайған. 2025 жылдың алғашқы екі айында импорт көлемі 29%-ға, ал ақшалай сома 61%-ға қысқарған. Мамандар бұл үрдіс ішкі нарықта бағаның өсуіне ықпал етуі мүмкін екенін айтады.