Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың қатысуымен Үкіметтің жаңа құрамының алғашқы отырысы басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Құрметті Үкімет мүшелері! Бүкіл еліміздің басына ауыртпалық түсіп тұрған қазіргідей күрделі кезеңде біз Мемлекет басшысының зор сенімін ақтауымыз керек. Біз - Үкіметтің жаңа құрамы, халықтың өмір сапасын жақсартуға, экономиканың өсімін сақтауға және пандемияны еңсеруге, лаңкестер мен бұзақы-тонаушылар келтірген орасан шығындарды қалпына келтіруге, елімізді жаппай дағдарыстан шығаруға бағытталған Президент тапсырмаларын орындау үшін бар күш-жігерімізді аямай жұмыс істеуіміз қажет», - деді сөз бастаған премьер-министр.
Оның айтуынша, бұл – осындай аса ауыр жағдайда әлі ешқандай Үкіметтің алдында болып көрмеген өте күрделі де ауқымды міндет.
«Халық біздің жұмысымыздан нақты нәтиже күтеді», - дейді Әлихан Смайылов.