Синоптиктер Қазақстанның бірнеше қаласының тұрғындарына ескерту жасады

Сырым Қаржас
Ulysmedia

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірнеше қаласының тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Мамандар ауаның ластану қаупі бар екенін хабарлады.

— 2025 жылғы 11 мамырда түнде Жезқазғанда, Балқашта, сондай-ақ Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада ұзақ уақыт болудан, әсіресе автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында, аулақ болу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен жабық ғимараттарда айналысу.