Бизнеске берілетін қайтарымсыз грант мөлшері екі есеге дейін өседі

Ulysmedia

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Өз ісін дамытуға арналған мемлекеттік гранттың мөлшері 200-ден 400 АЕК-ке дейін (612,6 мыңнан 1,2 млн теңгеге дейін) ұлғайтылады», - деді ол мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде.  

Сонымен қатар, ол Қазақстанда қаржыландыруға үміткер бизнес-жобалардың атаулылығы мен бағалануын күшейту бойынша шаралар кешені қабылданатынын атап өтті.