Депутат Бейжің олимпиадасы қарсаңында спорттағы жемқорлыққа алаңдады

Алдаберген Кемпірбаев

Мәжіліс депутаты Андрей Линник бір айдан соң Бейжіңде басталатын қысқы олимпиадаға отандық спортшылардың бабы келісті екеніне күмәнданды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

«Қазақстан ұлттық құрамасының, дәстүрлі спорт түрлерінде ең үздік спортшыларымыздың бақ сынағанына қарамастан, Токиодағы сәтсіз өнер көрсетуінен соң алдағы олимпиада нәтижесіне алаңдаушылықпен қараймыз», – деді ол өз депутаттық сауалында.

Мәжілісмен спорт саласын жайлаған жемқорлықтың әбден тамырын жайған әдетке айналып бара жатқанына қынжылды. Осы орайда Андрей Линник бюджет қаржысының ұрланғанынан тыс, спортшылардың өздерінен ақша бопсалатынына дабыл қақты. Оған өткен жылдардағы спорт өкілдерінің жанайқайы дәлел. Мәселен бір жағдайда салауатты өмір салтын серік еткен қазақстандық тәулікақысын бапкеріне аударуға мәжбүр болған. Ал жаттықтырушы жағымсыз жайтқа байланысты кейде қарамағындағылардың жүріп-тұруын өз қалтасынан төлейтінін мойындады.

Депутат құзырлы министрліктен бірқатар келеңсіздікті тізбектей келе, нақты шараларды қабылдауды талап етті.