Саясаттанушы Досым Сәтпаев Ермек Тұрсыновтың елден кетуіне пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Режиссер Ермек Тұрсыновтың эмиграциясы қоғамда қызу талқыланып жатқанда, саясаттанушы Досым Сәтпаев та өз пікірін білдірді. Ол Тұрсыновтың елден кетуі туралы жазбасын қысқаша түйіндеді.
– Қазақстан қазірдің өзінде қараңғылыққа батып кеткен. Бұл – саяси, экономикалық және мәдени қараңғылық.
Сәтпаевтың айтуынша, "Ескі Қазақстан" әлі де өмір сүріп қана қоймай, "Жаңа Қазақстан" деген ораммен бүркемеленіп, әлі де үстемдік құрып тұр.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, мұның алдында режиссер Ермек Ермек Тұрсынов Қазақстаннан кетіп қалғанын хабарлаған едік. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Тұрсынов не үшін елден кеткенін ұзын-сонар жазбада толығырақ баян етеді. Сөз соңында былай дейді:
Мемлекет біртін-біртін әрі тоқтаусыз құрдымға кетіп барады. Мен бұған қатысқым келмейді. Бұған жайдан-жай қарап та отыра алмаймын. Әлбетте, бәрі жақсы деп, түк болмағандай бұрынғыша өмір сүруге болар еді. Бірақ елде бәрі есінен танған жоқ әлі. Абсурд біздің елде нормаға айналып барады. Бұлай жалғаса берсе болмайды. Бірдеңе істеу керек…
РЕЖИССЕР ЖАЙЛЫ
Ермек Тұрсынов – режиссер, сценарист, жазушы. 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол Мәскеудегі бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК) аяқтап, кинематография саласында танылған. Оның ең танымал туындылары:
“Келін” (2009) – Қазақстанның “Оскар” сыйлығына ұсынылған фильм.
“Шал” (2012) – аға буын мен жас ұрпақтың арасындағы философиялық қарым-қатынасты көрсететін туынды.
“Жат” (2015) – кеңестік қуғын-сүргіннің қазақ халқына әсерін суреттейтін драма.
Ермек Тұрсынов қазақ мәдениеті мен тарихына терең бойлап, қоғамдағы өткір мәселелерді кино тілінде бейнелейді. Оның шығармалары әлеуметтік, философиялық мазмұнымен ерекшеленеді. Қоғамдағы мәселелерді ашық айтатын өткірлігімен де белгілі.
Ермек Тұрсынов бұған дейін Ulysmedia.kz порталына сұхбат берген болатын.