Жазушы Қанат Тасыбеков мемлекеттік органдар қазақ тілін дамыту ісімен шынайы айналыспайды, тек есеп үшін жұмыс істейді деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақ тілін өз бетінше үйренуге арналған оқу құралының авторы Қанат Тасыбеков мемлекеттік тілдің дамуына жауапты шенеуніктердің жұмысын сынға алды. Ол бұл салада жеткілікті бюджет бөлінгенімен, қаржының мақсатсыз жұмсалатынын айтты. Мысал ретінде ешкім көрмеген сөздіктің жариялануын келтірді.
– Саясат дұрыс, бюджет бөлінеді. Бірақ орындалуы өте нашар, тіпті жиіркенішті. Бюджеттің "жоғалып кетуі", жемқорлық, шабытсыз жұмыс деген бар. Жәй ғана есеп үшін істелетін дүние. Бізде шенеуніктер өз бетінше өмір сүреді – бюджет игереді, белгісіз курстар өткізеді. Миллион сөздік шығардық дейді, бірақ ешкім көрген емес! Тек Қазақстанда ғана осындай жағдай болуы мүмкін, – дейді Тасибеков.
Қанат Тасыбеков – «Ситуативный казахский» оқулығының авторы және «Мәміле» қазақ тілі клубының негізін қалаушы.
БҰҒАН ДЕЙІН
Бұған дейін жазушы Олжас Сүлейменов те қазақ тіліне қатысты ерекше құбылыс туралы айтқан болатын.