2025 жылдың басынан бері қазақстандық зейнеткерлерге 1,4 трлн теңгеге жуық зейнетақы төленген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
2025 жылдың басынан 1 мамырға дейін республикалық бюджеттен жалпы 1 трлн 394,2 млрд теңге көлемінде зейнетақы төленді. Оның ішінде:
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР САНЫ
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 млн 471 мың зейнеткер тіркелген.
ЗЕЙНЕТАҚЫ МӨЛШЕРІ
1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақының орташа жиынтық мөлшері – 143 400 теңге. Оның ішінде:
Ынтымақты зейнетақы – 95 784 теңге,
Базалық зейнетақы – 47 616 теңге.
Ал өткен айда орташа зейнетақы 143 800 теңге болған.
Сондай-ақ биылдан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 65%-дан 70%-ға дейін арттырылып, 32 360 теңгені құрады. Ал ең жоғары мөлшері 105%-дан 110%-ға дейін өсіп, 50 851 теңге болды.