Видеожиынтық 4-5 қаңтар аралығындағы бейнебақылау жүйелерінің деректері мен әлеуметтік желілердегі материалдардан жасалған, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы ІІМ-ге сілтеме жасап.
ІІМ-нің хабарлауынша, тәртіпсіздіктер кезінде полиция қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге бірнеше рет шабуыл жасап, соққыға жыққан. Жалпы алғанда, лаңкестік әрекеттердің жолын кесу және мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары мен стратегиялық нысандарына жасалған қарулы шабуылдарды тойтару нәтижесінде Алматының үш полиция қызметкері қаза тапты. Тағы 185 құқық қорғау қызметкері жарақат алды, олардың екеуінің жағдайы ауыр.